Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 04.07.2017 № 230 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өндеуге арналған гербицидтердін, биоагенттердін энтомофагтардың және биопрепараттардың құның субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13717 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 306 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5021 тіркелген, 2016 жылғы 4-5 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормалары:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 41, 42, 43 және 44 жолдарымен толықтырылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 445 қаулысына қосымша |
41. | Видмастер 480, сулы ерітінді (дикамба, 124 г/л + 2,4 Д, 357 г/л) | литр | 50 | 2 100 |
42. | Гроза 60%, эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі 2,4 дихлорфеноксиуксус Қышқылы 600 г/л | литр | 50 | 1 807 |
43. | Триумф, 48% сулы ерітінді (глифосат, 360 г/л) | литр | 50 | 1 500 |
44. | Фенизан, сулы ерітінді (дикамба, 360 г/л + хлорсульфурон 22,2 г/л) | килограмм | 50 | 4 680 |