Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 14.02.2017 № 6С-12/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2) "Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 11 маусымдағы № 5С-43/2 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 маусымда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған):
кіріспеде "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына" сөздері "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың ІI сессиясының төрағасы |
Р.Махаев |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ө.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Бурабай ауданының әкімі |
Т.Ташмағамбетов |