Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 19 қарашада № 14438 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 19.04.2024 № 177 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған электрондық қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 1 қарашадағы
№ 629 бұйрығына
1-қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 11.06.2025 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Заңды тұлға мәртебесінің болуы.

      2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру, оның ішінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімі (The European Quality Assurance Register) және (немесе) аккредиттеу органдарының 2 (екі) және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелік.

      3. Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ресурстардың болуы:

      1) пайдаланушыларға үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) аккредиттеу туралы қажетті ақпарат ұсынылатын ақпараттық жүйе (сайт). Шетелдік аккредиттеу органдары үшін сайтта қазақстандық ЖЖОКБҰ-ын аккредиттеу туралы ақпарат беретін ағылшын тіліндегі парақшаның болуы жеткілікті;

      2) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және/немесе PhD докторы/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар, толық ставкадағы кемінде 3 (үш) штаттық қызметкер;

      3) тартылған сарапшылардың, қызметкерлердің және білім алушылардың сапаны қамтамасыз ету саласында біліктілігін арттыру жүйесінің болуы.

      4. Сараптама комиссиясының құрамында ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және/немесе PhD докторы/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар сарапшылардың және (немесе) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін ЖЖОКБҰ-ның мамандарды даярлау бейініне сәйкес тәжірибесі бар кәсіби қоғамдастық өкілдерінің болуы.

      Қазақстандық аккредиттеу органдары сараптама комиссиясының құрамына 1 (бір) немесе бірнеше шетелдік сарапшыны енгізеді. Шетелдік аккредиттеу органының аккредиттеуіне қатысатын қазақстандық сарапшылардың саны 25%-дан (жиырма бес пайыздан) аспайды.

      Сараптама комиссиясының құрамына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу саласында біліктілігін арттыру туралы сертификаты бар жоғары курс білім алушылары арасынан өкілдер кіреді.

      Сараптама комиссиясына тартылған білім алушылардың білім деңгейі:

      1) аккредиттелетін білім беру бағдарламасының бейініне (кластеріне) сәйкес келуі қажет;

      2) мамандандырылған аккредиттеу жүргізілетін білім деңгейінен төмен болмауы тиіс.

      5. Еуропалық жоғары білім кеңістігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттарға және әдістемелік нұсқауларға (ESG (Исиджи) сәйкес аккредиттеу рәсімдеріне қойылатын талаптарды белгілейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) болуы.

      Стандарттар Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының ерекшеліктерін, оның ішінде педагогикалық білім беру стандартын, онлайн оқыту нысанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарды ескеруі тиіс.

      6. Аккредиттеу рәсімдері 1 (бір) кластер бойынша кемінде 4 (төрт) сарапшының қатысуымен институционалдық аккредиттеу үшін кемінде 3 (үш) күн және мамандандырылған аккредиттеу үшін кемінде 2 (екі) күн аккредиттелетін ЖЖОКБҰ-ға оффлайн режимде баруды көздейді.

      Бұл талап Қазақстан Республикасының аумағында табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңіне қолданылмайды.

      7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленген даму бағдарламасы және/немесе ұйымдық стратегиясы болуы қажет.

      8. Аккредиттеу органының ақпараттық жүйесінде (сайтында) мынадай ақпарат жариялануы керек:

      1) ЖЖОКБҰ-ын және (немесе) білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы (аккредиттеу туралы куәлік, сыртқы аудиттің есептері), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезінде қабылданған аккредиттеу мерзімін ауыстыру және ұзарту туралы шешімдер (шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей);

      2) аккредиттеу органы қызметінің негізгі нәтижелері туралы жыл сайынғы талдамалық ақпарат;

      3) аккредиттеу органының тартылған сарапшыларының, қызметкерлері мен білім алушыларының сапаны қамтамасыз ету саласындағы біліктілігін арттыру жүйесі туралы;

      4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді аккредиттеу стандарттары (регламенттері);

      5) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы (шетелдік органдар үшін – жариялауға рұқсат етілген жағдайда);

      6) аккредиттеу органы білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүзеге асыратын кадрларды даярлау бағыттары;

      7) аккредиттеу органының сапаны ішкі қамтамасыз етуі жөніндегі құжаттар;

      8) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша деректерді іздеуге арналған автоматтандырылған қызмет (Тізілім).

      9. Аккредиттеу органы жүзеге асыратын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы деректерді енгізу үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесінде тіркелген болуы қажет.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 1 қарашадағы
№ 629 бұйрығына
2-қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 11.06.2025 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;

      2) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының құжаттары;

      3) аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – 2-тізілім) – аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

      4) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;

      6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-тізілім) – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;

      7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі – 3-тізілім) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (мамандықтарының) тізбесі;

      8) институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі үдерістерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;

      9) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;

      10) Республикалық аккредиттеу кеңесi – аккредиттеу органдарының қызметi мәселелері бойынша шешiмдер қабылдайтын орган;

      11) Республикалық аккредиттеу кеңесінің жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) - Кеңестің қызметін және Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында (бұдан әрі – ЖББП) 1-тізілімді (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), 2-тізілімді (осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша), 3-тізілімді (осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша) жүргізуді қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

      12) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы.

2-бөлім. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі

      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы аккредиттеу органы, оның iшiнде шетелдiк аккредиттеу органы, осы бұйрықпен бекiтiлген жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы аккредиттеу органына қойылатын Талаптарға (бұдан әрi – Талаптар) сәйкестігін растау ретінде тану рәсімінен өту үшін Жұмыс органына ЖББП арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы қажет етіледі;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгендігін растайтын құжат немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне (The European Quality Assurance Register (Зе Юропиан Куалити Фшуранс Реджистер) (бұдан әрі – EQAR) енгені көрсетілген сайтқа сілтеме және (немесе) аккредиттеу органдарының 2 (екі) және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелікке кірген болуы;

      4) Талаптардың 3-тармағында көрсетілген ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;

      5) Талаптардың 4-тармағына сәйкес келетін сарапшылардың тізімі;

      6) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының аккредиттеу стандарттары (регламенттері);

      7) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы.

      ЖББП-да ұсынылатын құжаттарға аккредиттеу органының заңды өкілінің электрондық (цифрлық) қолтаңбасымен қол қойылады.

      4. Жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес аккредиттеу органы ұсынған құжаттардың толықтығын ЖББП-да тексереді.

      Аккредиттеу органы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Жұмыс органы ЖББП-да құжаттарды қабылдайды.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда, Жұмыс органы ЖББП-да ұсынылған құжаттарды қайта қарау үшін жібереді. Қайта қарау 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      6. Жұмыс органы аккредиттеу органының тануға ұсынылған құжаттарын қабылдаған соң, олар Республикалық аккредиттеу кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қарауына енгізіледі. Аккредиттеу органының тану құжаттарының Талаптарға сәйкестігін Кеңес қарайды.

      Кеңес уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық сарапшылар қатарынан құрылады. Кеңестің сандық құрамына кемінде 9 (тоғыз) мүше кіреді. Кеңестің құрамы уәкілетті органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Кеңес отырысы кворум болған жағдайда – оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқанда өткізіледі.

      Кеңес шешімдері, егер олар үшін Кеңес отырысына қатысып отырған мүшелердің көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Кеңес отырысына қатысушылардың дауысы тең болған жағдайда, Кеңес төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

      Кеңес шешімінің хаттамасы ресімделеді және оған төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды.

      7. Топ 200 ARWU (Academic Ranking of World Universities (Экадемик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиз), топ 300 THE (Times Higher Education (Таймс Хайер Эдьюкейшн), топ 300 QS World University Rankings (КьюЭС Ворлд Юниверсити Ранкинг), U.S. News and World Report (ЮЭС Ньюс энд Ворлд Репорт), Global Score (Глобал Скоре) көрсеткіші 65-тен (алпыс бес) жоғары) академиялық рейтингтерінің біріне кіретін кемінде 2 (екі) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредитттеу органы Кеңестің шешімі негізінде автоматты түрде танылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік жоғары оқу орындары мен филиалдарының білім беру қызметін жүзеге асыруы үшін Кеңестің шешімімен олардың тіркелген елінде алынған шетелдік ЖЖОКБҰ аккредиттеуі автоматты түрде танылады. Бұл ретте шетелдік ЖЖОКБҰ халықаралық академиялық рейтингтердің (ARWU Academic Ranking of World Universities (Экадемик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиз)), THE (Times Higher Education (Таймс Хайер Эдьюкейшн), QS World University Rankings (КьюЭС Ворлд Юниверсити Ранкинг) топ 250 қатарына және/немесе ЭЫДҰ және/немесе BRICS (БРИКС) елдерінің ұлттық рейтингтерінің топ 100 қатарына енуі талап етіледі.

      8. Аккредиттеу органын тану үшін құжаттарды қарау мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

      9. Аккредиттеу органы құжаттарының Талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Кеңес мынадай шешімнің бірін қабылдайды:

      1) аккредиттеу органын тану туралы;

      2) аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы.

      Кеңестің шешімі ЖББП-да көрсетіледі.

      10. Уәкілетті орган Кеңестің шешімі негізінде аккредиттеу органын 5 (бес) жыл мерзімге тану туралы бұйрық шығарады және 1-тізілімге енгізеді.

      Аккредиттеу органы есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарына дейінгі мерзімде Жұмыс органына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметі туралы жылдық есепті ұсынады. Есеп Кеңестің отырысында қаралады.

      11. Аккредиттеу органын 1-Тізілімнен шығаруға мыналар негіз болады:

      1) аккредиттеу органының қызметін өз еркімен тоқтату, қайта ұйымдастыру немесе тарату немесе 1-Тізілімнен шығару туралы өтініші;

      2) аккредиттеу органын 1-Тізілімде тану мерзімінің аяқталуы;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ аккредиттеу органдарының тізілімдерінен және (немесе) қауымдастықтарынан, оның ішінде EQAR тізілімінен, және (немесе) аккредиттеу органдары қауымдастықтарының (желілерінің) толық мүшелігінен шығарылуы;

      4) Талаптардың 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарын және Кеңес шешімдерін орындамауы;

      5) аккредиттеу органының өткен кезеңдегі қызметі туралы жыл сайынғы есепте білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі немесе бұрмаланғандығының анықталуы;

      6) аккредиттеу органында аккредиттелген екі немесе одан да көп ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырылуы;

      7) аккредиттеу органының аккредиттелген ЖЖОКБҰ-мен үлестес болу фактілерінің анықталуы;

      8) Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді қоспағанда, аккредиттеуге бармай ЖЖОКБҰ және (немесе) білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізу.

      Аккредиттеу органын 1-тізілімнен шығару Кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      12. Жұмыс органы Кеңестің және уәкілетті органның шешімдері негізінде 1-тізілімге ЖББП жүйесі арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      13. 1-Тізілімге енгізілген аккредиттеу органдары ЖЖОКБҰ немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде 2 және 3-тізілімдерде жүргізілген институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы деректерді ЖББП жүйесі арқылы уақтылы жаңартуды қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ бөлу/ бөліп шығару/ біріктіру/қосу/қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, аккредиттеу органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жарамдылық мерзімін сақтай отырып, ЖЖОКБҰ-ның институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуі туралы куәлігін бөлу/ бөліп шығару/ біріктіру/қосу/қайта құру нәтижесінде жаңадан құрылған ЖЖОКБҰ-ның(лардың) атына қайта ресімдейді.

      Аккредиттеу органы аккредиттеу туралы шешім қабылдау бойынша аккредиттеу кеңесінің отырыстарын өткізу бейнежазбасына сілтемені 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2 және 3-тізілімдерде орналастырады. Бейнежазбаға сілтеме жүйеде 1 (бір) жыл бойы қолжетімді болады.

  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарының тізілімі (1-Тізілім)

Аккредиттеу органының атауы

Аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың күні мен нөмірі

Аккредиттеу органын танудың қолданылу мерзімі

Деректемелер

Кіру мерзімінің басталуын/ Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілуі туралы деректерді көрсете отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болуы

  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (2-Тізілім)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

Аккредиттеу органының атауы

Деректемелер

Аккредиттеудің қолданылу мерзімі

  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-Тізілім)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы, деректемелер

Білім беру бағдарламасының атауы

Аккредиттеу органының атауы

Аккредиттеудің қолданылу мерзімі

  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ғылым және жоғары білім уәкілетті орган)

Өтініш

      ___________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы)

      ___________________________________(мекен жайы, БСН)

      ұйымның сайтына сілтеме _____________

      аккредиттеу органы ретінде тануды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында аккредиттеу органдарының 1-Тізіліміне енгізуді сұрайды.

      Аккредиттеу органы білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша мынадай халықаралық желілерге енгізілді:

      __________________________

      Қосымша құжаттар:

      1) Құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      2) Ресурстардың болуын растайтын құжаттар;

      3) Аккредиттеу рәсіміне тартылған сарапшылардың тізімі;

      4) Даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы;

      5) Аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу стандарттары (регламенттері).

      Заңды тұлғаның мекен-жайы __________________________________

      Электрондық поштасы ______________________________________

      Телефондары ______________________________________

      Факс _____________________________________________

      Басшы ____________________________________________

      (Қолы) (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20__жылғы "____" _____________ (Толтырған мерзімі)

  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
саласындағы аккредиттеу
органдарын, оның ішінде
шетелдік аккредиттеу
органдарын тану қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

*___________________________________ (аккредиттеу органының атауы) кезеңдегі қызметі туралы есебі

Бағыт

Сипаттама

1.

Мүшелік (атауы, мерзімдері). Бейіні бойынша халықаралық бірлестіктерге кіру (атауы, мерзімдері)


2.

Ақпараттық жүйе (3 тілде). Шетелдік аккредиттеу органдары үшін Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеу туралы ақпарат берілген ағылшын тіліндегі сайт парағының болуы жеткілікті


3.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді аккредиттеу стандарттары, олардың сайтта болуы


4.

Ұйымның даму стратегиясы, оның сайтта болуы


5.

Ұйымдық құрылым және аккрелиттеу органын басқару. Кадрлық әлеует (ғылыми дәрежесін (бар болса) көрсете отырып, барлық штаттағы қызметкерлерді көрсету, сертификаттарды тіркей отырып, біліктілігін арттыру туралы ақпарат және сайтта ақпараттың болуы)


6.

Сарапшылардың құрамы (тізім, ғылыми дәрежелер (бар болса), біліктілікті арттыру курстары (бар болса)


7.

Алқалы органдар және олардың ережелері (Аккредиттеу кеңесі, сараптамалық кеңес, шағымдар кеңесі және басқалары)


8.

Баға саясатын қалыптастыру және оның құрамдас бөліктері, сайтта ақпараттың болуы


9.

Сайтта көрсете отырып, аккредиттеу органы білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүзеге асыратын кадрларды даярлау бағыттары


10.

Аккредиттеу туралы жарияланған ақпарат (автоматтандырылған жүйе). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының немесе олардың білім беру бағдарламаларының сыртқы аудиттері туралы есептер, аккредиттеу кеңесінің шешімдері және аккредиттеу туралы куәліктер ұсынылған аккредиттеу органының интернет-ресурсына сілтемелер


11.

Институционалдық аккредиттеуден өткен аккредиттелген ұйымдардың саны. Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының атауы, аккредиттеуден өткізу мерзімдері, аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігі, ұсынымдар


12.

Мамандандырылған аккредиттеуден өткен аккредиттелген ұйымдардың саны. Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының атауы, аккредиттеуден өткізу мерзімдері, аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігі, ұсынымдар


13.

Ұйым қызметінің негізгі нәтижелері туралы талдамалық ақпарат және сайтта ақпараттың болуы


14.

Аккредиттеу органының соңғы 5 (бес) жылдағы сыртқы аудиті (тексеріс) және ол туралы сайтта ақпараттың болуы


15.

Ұйымның және кәсіби мінез-құлықтың ішкі сапасын қамтамасыз ету (аккредиттеу органының ішкі құжаттары, нормативтік құжаттар, сарапшылардың этикасы және басқасы)



On approval of the requirements for the accreditation body in higher and postgraduate education and the rules for recognition of accreditation bodies in higher and postgraduate education, including foreign bodies

Order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated November 1, 2016 № 629. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on November 19, 2016 № 14438.

      Unofficial translation
      Footnote. The heading as amended by the order of the Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan dated 13.02.2023 № 49 (shall be enforced ten calendar days after the date of its first official publication).

      In accordance with subparagraph 19) of Paragraph 15 of the Regulations on the Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan, approved by the Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated August 19, 2022 № 580, I HEREBY ORDER:

      Footnote. The Preamble as amended by the order of the Acting Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan dated 19.04.2024 № 177 (shall be enforced from 29.04.2024).

      1. Approve:

      1) requirements for the accreditation body in higher and postgraduate education in accordance with Appendix 1 to this order;

      2) the rules for recognition of accreditation bodies in higher and postgraduate education, including foreign bodies in accordance with Appendix 2 to this order.

      Footnote. Paragraph 1 as amended by the order of the Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan dated 13.02.2023 № 49 (shall be enforced ten calendar days after the date of its first official publication).

      2. The Committee on Control in the Sphere of Education and Science of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan (A. Primkulov) in accordance with the procedure established by legislation shall:

      1) ensure the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days after the state registration of this order send the copy to official publication in the Information and legal system "Adilet" and to periodicals in electronic variant with the application of the paper copy certified by the official stamp;

      3) within five working days from the date of receipt of the registered order to send the copy of it in printing and electronic variant, certified by the seal of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan and certified by an electronic digital signature of the person, authorized to sign this order to the Republican State Enterprise on the right of economic management "Republican Legal Information Center" of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan for inclusion in the Reference Control Bank of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan;

      4) place this order on the Internet resource of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan;

      5) within ten working days after the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan, submit to the Department of Legal Service and International Cooperation of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan information on the execution of measures provided for in subparagraphs 1), 2) and 3) of this paragraph.

      3. Control over the execution of this order shall be entrusted to the Vice Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan B.A. Asylov.

      4. This order shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Minister
of Education and Science
of the Republic of Kazakhstan
E. Sagadiyev

  Appendix 1
to the order of Vice-Minister
dated October 4, 2021 № 499

Requirements for the accreditation body in the field of higher and postgraduate education

      Footnote. The order has been supplemented by Appendix 1 in accordance with the order of the Acting Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated 04.10.2021 № 499 (shall be enforced after the day of its first official publication); is in the wording of the order of the Acting Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan dated 11.06.2025 № 302 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

      1. To have the status of a legal entity.

      2. To be a member of the registers and/or associations of accreditation bodies of the member states of the Organization for Economic Cooperation and Development (hereinafter - the OECD), including the European Quality Assurance Register, and/or to have a full membership in 2 (two) or more associations (networks) of accreditation bodies.

      3. To have the resources necessary to fulfill the obligations for accreditation of organizations of higher and/or postgraduate education (hereinafter - OHPE), educational programs:

      1) an information system (website), which provides the necessary information on accreditation for users in three languages (Kazakh, Russian, and English). For foreign accreditation bodies, it is sufficient to have a page on the website in English with information on the accreditation of Kazakhstani OHPE;

      2) at least 3 (three) full-time staff members holding an academic degree of Doctor of Science or Candidate of Science and (or) the Ph/D/Doctor of Science in the specialty;

      3) availability of a system of advanced training in the field of quality assurance for the involved experts, employees, and trainees.

      4. To have experts with an academic degree of Doctor of Science or Candidate of Science and/or with the degree of Ph/D/Doctor of Science in the specialty and/or representatives of the professional community with experience in the field of institutional and specialized accreditation or in the field of training specialists of the accredited OHPE as members of the expert commission.

      Kazakhstani accreditation bodies shall include 1 (one) or more than 1 (one) foreign expert in the expert commission. The number of Kazakhstani experts participating in accreditation conducted by a foreign accreditation body is not more than 25 % (twenty-five percent).

      The expert commission consists of representatives from among senior students having a certificate of advanced training in the field of institutional and/or specialized accreditation of OHPE. The level of education of students involved in the expert commission:

      1) corresponds to the specialty(cluster) of an accredited educational program;

      2) not lower than the level of education for which specialized accreditation is carried out.

      5. To have standards (regulations) for accreditation of higher and postgraduate education that establish requirements for the accreditation procedure in accordance with international standards and guidelines for ensuring the quality of higher and postgraduate education in the European Higher Education Area (ESG).

      The standards shall take into account the specifics of the legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of higher and postgraduate education, including the standard of teacher education, requirements for educational programs of higher and postgraduate education in the form of online training.

      6. Accreditation procedures provide for visiting the accredited OHPE in an offline format for at least 3 (three) days for institutional and at least 2 (two) days for specialized accreditation with the participation of at least 4 (four) experts per 1 cluster.

      This requirement does not apply during a state of emergency of natural or technogenic origin, or during restrictive measures, including quarantine, within the territory of the Republic of Kazakhstan.

      7. To have a development program and/or an organization's strategy developed taking into account strategic and program documents in the field of higher and postgraduate education.

      8. To have the following published information in the accreditation body's information system (website):

      1) on accreditation of the OHPE and (or) the educational program (certificate of accreditation, external audit reports), including decisions on postponement and extension of the accreditation period, taken during a state of emergency of a natural or technogenic origin, restrictive measures, including quarantine in the territory of the Republic of Kazakhstan (no later than thirty working days from the date of making the decision);

      2) annual analytical information on the main results of the accreditation body's activities;

      3) on the system of professional development in the field of quality assurance of the involved experts, employees and trainees of the accreditation body;

      4) standards (regulations) for accreditation of higher and postgraduate education;

      5) the development program and/or strategy of the accreditation body (approved for publication-for foreign bodies);

      6) areas of training for which the accreditation body accredits educational programs;

      7) documents on internal quality assurance of the accreditation body;

      8) an automated service (Registry) search for data on institutional and specialized accreditation.

      9. To have registration in the information system of the authorized body in the field of science and higher education, "Unified Platform of Higher Education" for entering data on institutional and specialized accreditation carried out by the accreditation body.


  Annex 2
to the Order № 629
of the Minister of Education and Science
of the Republic of Kazakhstan
dated November 1, 2016

Rules for recognition of accreditation bodies in the field of higher and postgraduate education, including foreign ones

      Footnote. Appendix 2 is in the wording of the order of the Acting Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan dated 11.06.2025 № 302 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules for the recognition of accreditation bodies in the field of higher and postgraduate education, including foreign ones (hereinafter – the Rules), have been developed in accordance with subparagraph 19) of paragraph 15 of the Regulation on the Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan, approved by Resolution № 580 of the Government of the Republic of Kazakhstan dated August 19, 2022 (hereinafter - the Regulation on Ministry) and shall determine the procedure for recognition of accreditation bodies, including foreign ones.

      2. The following terms are used in these Rules:

      1) an accreditation body – a legal entity that conducts institutional, and/or specialized (program) accreditation of organizations of higher and/or postgraduate education based on accreditation standards (regulations);

      2) accreditation standards (regulations) – documents of the accreditation body establishing requirements for the accreditation procedure;

      3) Register of accredited organizations of higher and (or) postgraduate education (hereinafter - Register 2) – a list of accredited organizations of higher and (or) postgraduate education;

      4) an authorized body in the field of science and higher education (hereinafter – the authorized body)- the central executive body of the Republic of Kazakhstan carrying out management and inter-sectoral coordination in the field of higher and postgraduate education;

      5) accreditation of organizations of higher and postgraduate education – the recognition procedure of compliance of educational services with the established accreditation standards (regulations) by the accreditation body in order to provide objective information about their quality and confirm the existence of effective mechanisms for its improvement;

      6) Register of recognized accreditation bodies in the field of higher and postgraduate education (hereinafter - Register 1) – a list of national and foreign accreditation bodies formed by the authorized body in the field of science and higher education, included in the registers and (or) associations of accreditation bodies of the member states of the Organization for Economic Cooperation and Development (hereinafter - OECD);

      7) Register of accredited educational programs of organizations of higher and (or) postgraduate education (hereinafter - Register 3) – a list of accredited educational programs (specialty) of organizations of higher and (or) postgraduate education;

      8) institutional accreditation – a procedure for evaluating the effectiveness of the internal quality assurance system processes in organizations of higher and/or postgraduate education in accordance with the declared status and established accreditation standards (regulations);

      9) specialized (program) accreditation – a procedure for assessing the quality of individual educational programs implemented by organizations of higher and/or postgraduate education;

      10) Republican Accreditation Council – a body, making decisions on the activities of accreditation bodies;

      11) Working body of the Republican Accreditation Council (hereinafter - the Working Body) – a structural subdivision of the authorized body, ensuring the Council's activities and maintenance of the Register 1 (in accordance with Annex 1 to these Rules), Register 2 (in accordance with Annex 2 to these Rules) and Register 3 (in accordance with Annex 3 to these Rules) in the Unified platform of higher education (hereinafter - the UPHE);

      12) information system of the authorized body – a Unified platform of higher education.

Chapter 2. Procedure for recognition of accreditation bodies in the field of higher and postgraduate education, including foreign ones

      3. An accreditation body in the field of higher and postgraduate education, including a foreign one, to confirm its compliance with the Requirements for an accreditation body in the field of higher and postgraduate education approved by this order (hereinafter - the Requirements), for passing the recognition procedure, shall submit the following documents to the working body through the UPHE:

      1) an application in accordance with Annex 4 to the Rules;

      2) notarized copies of the constituent documents. When submitting documents in foreign languages, a notarized translation into Kazakh or Russian is required;

      3) a document confirming the inclusion of the accreditation body in the registers and/or associations of accreditation bodies of the OECD member states, or a link to the website where the accreditation body included in the European Quality Assurance Register (The European Quality Assurance Register) is presented (hereinafter-EQAR), and (or) full membership in 2 (two) or more associations (networks) of accreditation bodies;

      4) documents confirming the availability of resources specified in paragraph 3 of the Requirements;

      5) a list of experts who meet item 4 of the Requirements;

      6) accreditation standards (regulations) of the accreditation body that establish requirements for the accreditation procedure;

      7) development program and/or strategy of the accreditation body.

      Documents submitted to the UPHE shall be signed with the electronic (digital) signature of the legal representative of the accreditation body.

      4. The Working body within 5 (five) working days, shall verify in the EHEA the completeness of the submitted documents of the accreditation body in accordance with paragraph 3 of these Rules.

      When the accreditation body submits a complete set of documents, the Working body in the UPHE shall accept the documents.

      5. If the documents specified in paragraph 3 of these Rules are incomplete, the Working body shall send the documents submitted to the UPHE for revision. Refinement shall be carried out within 5 (five) business days.

      6. After the Working body accepts the documents of the accreditation body submitted for recognition, they shall be submitted for consideration to the Republican accreditation council (hereinafter - the Council). Documents of the accreditation body for recognition shall be reviewed by the Council for compliance with the Requirements.

      The Council is formed from representatives of the authorized body, the National Chamber of Entrepreneurs of the Republic of Kazakhstan "Atameken", a public association, an association of legal entities, foreign and Kazakhstani experts. The quantitative composition of the Council includes at least 9 (nine) members. The composition of the Council shall be approved by the order of the head of the authorized body.

      A meeting of the Council shall be held if there is a quorum of at least 2/3 (two-thirds) of the total number of members.

      Decisions of the Council shall be considered adopted if a majority of those present at the Council meeting voted for them. If the votes of those present at the Council meeting are equal, the vote of the Chairman of the Council shall be decisive.

      The minutes of the Council's decision shall be drawn up and signed by the Chairman and Secretary of the Council.

      7. An accreditation body that has accredited educational programs from at least 2 (two) organizations of higher and/or postgraduate education (hereinafter - OHPE) that are included in one of the academic rankings-top 200 ARWU (Academic Ranking of World Universities), top 300 THE (Times Higher Education), top 300 QS World University Rankings (QS World University Ranking), U.S. News and World Report, Global Score from 65 (sixty-five)), shall be recognized automatically based on the decision of the Council.

      For the purpose of carrying out activities for branches of foreign OHPE and foreign educational institutions in the territory of the Republic of Kazakhstan, the Council's decision automatically recognizes the accreditation of a foreign OHPE received in the country of its registration. At the same time, it is required to enter the top 250 international academic rankings (ARWU Academic Ranking of World Universities), THE (Times Higher Education), QS World University Rankings, and/or the top 100 national rankings of countries OECD and/or BRICS.

      8. The term of documents consideration for recognition by the accreditation body is 30 (thirty) business days from the date of acceptance of the documents specified in paragraph 3 of these Rules.

      9. Based on the results of documents consideration of the accreditation body for compliance with the Requirements, the Council shall make one of the following decisions:

      1) on the recognition of the accreditation body;

      2) refusal to recognize the accreditation body.

      The Council's decision shall be displayed in the UPHE.

      10. The authorized body, based on the decision of the Council, shall issue an order on recognition of the accreditation body for a period of 5 (five) years and include it in the Register 1.

      The accreditation body shall submit an annual activity report in accordance with Annex 5 to the Rules by January 31 of the year following the reporting year to the Working body. The report shall be considered at a meeting of the Council.

      11. The grounds for excluding an accreditation body from the Register 1 shall be:

      1) an application of the accreditation body for voluntary termination of activity, reorganization or liquidation, or exclusion from the Register 1;

      2) expiration of the term of recognition of the accreditation body in the Register 1;

      3) exclusion of the accreditation body from the registers and/or associations of accreditation bodies of the OECD, including EQAR, and/or full membership in associations (networks) of accreditation bodies;

      4) failure to comply with paragraphs 3, 4, 5, 6 and 7 of the Requirements and decisions of the Council;

      5) detection of unreliable or distorted data submitted to the authorized body based on the results of accreditation of educational organizations and educational programs in the annual report on the activities of the accreditation body for the past period;

      6) revocation of the license to conduct educational activities and/or Annexes to the license in 2 (two) or more OHPE accredited by the accreditation body;

      7) establishing the facts of affiliation of the accreditation body with the accredited OHPE;

      8) carrying out accreditation of OHPE and/or educational programs without visiting, except for the period of a state of emergency of a natural or technogenic origin, restrictive measures, including quarantine in the territory of the Republic of Kazakhstan.

      Exclusion from the Register of 1 accreditation body shall be made on the basis of a decision of the Council.

      12. The Working body, based on decisions of the Council and the authorized body, shall make changes and additions to the Register 1 through the UPHE system.

      13. The accreditation bodies included in Register 1 shall ensure timely updating of data on institutional and specialized accreditation in Registers 2 and 3 through the UPHE system within 10 (ten) business days from the date of making a decision on accreditation of the OPHE or educational program.

      In the event of reorganization of the OHPE in the form of division/ separation/ merger/ accession/ transformation, the accreditation body shall reissue the certificate of institutional and/or specialized accreditation of this (given) OHPE for the newly created OHPE as a result of division/separation/ merger/accession/transformation, which are legal successors with the retention of the accreditation period for 10 (ten)years. working days.

      In Registers 2 and 3, the accreditation body places a link to a video recording of meetings of the accreditation council for making decisions on accreditation within 5 (five) business days. The link to the video is available in the system for 1 (one) year.