Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округі әкімінің 10.07.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 100 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округінің Мастексай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Мастексай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е. Айгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | С. Мухамбетжанова |