Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 3 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Қ. Есенгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі | С. Сиражев |