Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 26.08.2022 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 07 шілдедегі № 425 ұсынысы негізінде, Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң "Бөктер" қыстағында мүйізді ұсақ малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
2."Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Екпін ауылдық округінің әкiмiнің міндетін уақытша атқарушы |
Б. Қоңыров |
|
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы "19" шілде 2015 жыл |
Б. Қажыкенов |