Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Дайыр ауылдық округіндегі Дайыр ауылында мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы С. Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Дайыр ауылдық округінің әкімі | Б. Балғабаев |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Зайсан ауданының бас мемлекеттік | |
| ветеринариялық-санитариялық инспекторы | С. Қожекенов |
04.06.2015 жыл