РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Бесқарағай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3309 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2014 жылғы 11,18 маусымдағы № 48,50 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Бесқарағай аудандық мәслихатының регламентінде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | В.ХАРЧЕНКО |
| Бесқарағай аудандық | |
| мәслихатының хатшысы | Қ.САДЫҚОВ |