Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 05.04.2024 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 05.04.2024 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Риддер қаласы әкімінің міндеттерін атқарушы | Д. Дүйсембаев |
|
"Келісілді" Риддер қалалық сайлау комиссиясы |
Ескерту. Қаулының төменгі сол жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 05.04.2024 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 05.04.2024 № 271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары |
1 | Риддер қаласы | Индустриальная көшесі 13а, "Виктория" дүкені ғимаратының жанында |
2 | Риддер қаласы | Киров көшесі 26, автостанция ғимаратына қарама – қарсы |
3 | Риддер қаласы | Тәуелсіздік даңғылы 24, "Каратай" дүкені ғимаратының жанында |
4 | Риддер қаласы | Қонаев көшесі 40, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ғимаратының жанында |
5 | Риддер қаласы | Гоголь көшесі 39г, "Большая аптека" ғимаратының жанында |
6 | Риддер қаласы | Үшінші шағын ауданы 5/1, "Ассорти вкуса" дүкенінің жанында |
7 | Риддер қаласы | Төртінші шағын ауданы 2, "Гастроном" дүкені ғимаратының жанында |
8 | Риддер қаласы | Рощин көшесі 20, дәріхана ғимаратының жанында |
9 | Риддер қаласы | Абай даңғылы 73б, "Услада" дүкені ғимаратының жанында |
10 | Үлбі кенті | Шоссейная көшесі 89, "№ 36" дүкені ғимаратының жанында |
11 | Үлбі кенті | Дрейман көшесі 6, "Арника" дүкені ғимаратының жанында |
12 | Пригородное ауылы | Совхозный шағын ауданы 8, "Любава" дүкені ғимаратының жанында |