Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 182 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 3) тармақшасына және 14-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 03-03/1547 ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 137 "Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2075 болып тіркелген, 2012 жылдың 31 мамырында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы келесі мәтіндегі жаңа редакцияда жазылсын: "Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы";
1 және 2-тармақтарындағы: "Мақтаарал" деген сөзден кейін "Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
| Б.Оспанов | |
| Б.Жылқышиев | |
| С.Қаныбеков | |
| Е.Айтаханов | |
| Е.Садыр | |
| С.Тұяқбаев | |
| А.Абдуллаев | |
| Р.Исаева |
| Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "22" сәуірдегі № 119 қаулысына қосымша |
Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы карантиндік аймақ
№ | Қала және аудан атауы | Карантиндік объекті атауы | Көлемі, гектар |
1 | Арыс | қауын шыбыны | 545 |
2 | Түркістан | қауын шыбыны | 226 |
3 | Сарыағаш | қауын шыбыны | 400 |
4 | Отырар | қауын шыбыны | 514 |
5 | Шардара | қауын шыбыны | 421 |
6 | Мақтаарал | қауын шыбыны | 812 |
7 | Сайрам | жеміс ағаш күйігі | 5,3 |
8 | Ордабасы | қауын шыбыны | 85 |
9 | Бәйдібек | қауын шыбыны | 10 |
Жиыны | 3018,3 |