Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңдарына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардығы № 20 "Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қайта ұйымдастыру туралы", 2015 жылғы 16 ақпандағы № 37 "Кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулыларына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 277 "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2803-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген 2-тарауда:
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"22-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
22-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
22-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;".
"Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату" деген 5-тарауда:
27-тармақта:
2), 15), 17), 23) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1), 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26-2) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26-3) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;".
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қаныбековке жүктелсін.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
| Б.Оспанов | |
| Б.Жылқышиев | |
| Е.Айтаханов | |
| С.Қаныбеков | |
| Е.Садыр | |
| С.Тұяқбаев | |
| А.Абдуллаев | |
| Р.Исаева |