Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидиялар көлемдері:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ауыл шаруашылығы министрі | |
| _______________А.С. Мамытбеков | |
| "16" 02 2015 жыл | |
| Б. Оспанов | |
| Б. Жылқышиев | |
| Е. Айтаханов | |
| С. Қаныбеков | |
| Е. Садыр | |
| С. Тұяқбаев | |
| А. Абдуллаев | |
| Р. Исаева |
| Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 33 қаулысына 1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялар көлемі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.10.2015 № 345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем |
Ірі қара мал шаруашылығы | |||
| 1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 100 000 |
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | |||
| 2. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||
| 1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 35 211 |
| 2) | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 26 134 |
| 3) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 2 000 |
| 4) | жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 168 |
| 3. | Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | ||
| 1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 2 014 |
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | |||
| 4. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||
| 1) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 1 600 |
| Етті бағыттағы құс шаруашылығы | |||
| 5. | Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 36 000 |
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | |||
| 6. | Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік /ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқа сатып алу | дана | 68 704 |
Қой шаруашылығы (ешкі шаруашылығы) | |||
| 7. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 80 000 |
| 8. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||
| 1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы | бас | 149 900 |
| 2) | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 14 000 |
| | Жылқы шаруашылығы | ||
| 9. | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 300 |
| | Түйе шаруашылығы | ||
| 10. | Асыл тұқымды түйелер сатып алу | бас | 165 |
| | Бал ара шаруашылығы | ||
| 11. | Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бал ара ұясы | 2 520 |
| Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 33 қаулысына 2-қосымша |
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.10.2015 № 345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем |
| | Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||
| 1. | Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 500 |
| 2. | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату | ||
| 1) | 1-деңгей | тонна | 638,470 |
| 2) | 2-деңгей | тонна | 688,875 |
| 3) | 3-деңгей | тонна | 3 394,5 |
| 3. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | тонна | 660 |
| | Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||
| 4. | Сүт өндірісінің құнын арзандату | ||
| 1) | 3-деңгей | тонна | 9 000 |
| | Етті бағыттағы құс шаруашылығы | ||
| 5. | Құс еті өндірісінің құнын арзандату | ||
| 1) | 3-деңгей | тонна | 1 550 |
| | 3-деңгей субсидиялау нормативін 50%-ға арттыру есебімен | тонна | 821 |
| 2) | күрке тауық еті | тонна | 6 633 |
| | күрке тауық еті субсидиялау нормативін 100 %-ға арттыру есебімен | тонна | 3 253,1 |
| 6. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | тонна | 6 430 |
| | Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | ||
| 7. | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату | ||
| 1) | 2-деңгей | дана | 114 000 |
| | 2-деңгей субсидиялау нормативін 50%-ға арттыру есебімен | дана | 42 596 |
| | |||
| 8. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | тонна | 4 828 |
| | Шошқа шаруашылығы | ||
| 9. | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 853 |
| | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандатуға субсидиялау нормативін 50%-ға арттыру есебімен | тонна | 484 |
| 10. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату | тонна | 4 320 |
| | Қой шаруашылығы | ||
| 11. | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату | ||
| 1) | 2-деңгей | тонна | 900 |
| 12. | Биязы жүн өндірісінің құнын арзандату | тонна | 95 |
| | Жылқы шаруашылығы | ||
| 13. | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 825 |
| 14. | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | тонна | 600 |
| | Түйе шаруашылығы | ||
| 15. | Түйе еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 211,111 |
| 16. | Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату | тонна | 1000 |