"Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 22.09.2015 N 40/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңда өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын әр балаға 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тиісті оқу жылының барысында жүргізеді;
2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:
"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 22.09.2015 N 40/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың ХХХVІ сессиясының төрағасы |
И. Аллахяров |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |
| Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 шешіміне 1-қосымша |
Жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның басшысы
___________________________________________
(жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)
ӨТІНІШ
Аты ___________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
туған күні __________________________________________________________
мүгедектігі _________________________________________________________
үйінің мекенжайы ____________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың № _____ ___ жылғы ____ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
тағайындауға құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:
1 ________________________________ 2 ________________________________
3 ________________________________ 4 ________________________________
5 ________________________________ 6 ________________________________
7 ________________________________ 8 ________________________________
9 _______________________________ 10 _______________________________
Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындауға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
| Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 шешіміне 2-қосымша |
АНЫҚТАМА
(оқитын және тәрбиеленетін баланың Т.А.Ә.)
ол шын мәнінде __________________________________ № ______ мектептің
(мектептің атауын көрсету)
"___" сыныбында жеке оқу жоспары бойынша үйде оқиды.
Анықтама талап еткен жеріне ұсыну үшін берілді.
_______________________ № __ мектеп директоры
(мектептің атауын көрсету)
Т.А.Ә.__________________
(аты-жөні және қолы)
М.О.