1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "24" шілдедегі № 204 қаулысымен бектіліді |
Ақтоғай ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
| р/с № | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
| 1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
| 2 | Көп балалы отбасыларының оқушы-балалары | Тегін |
| 3 | Спорт ардагерлері | Тегін |
| 4 | Окушылар | Тегін |
| 5 | Зейнеткерлер | Тегін |
| 6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызыметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |