Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 17.12.2025 № 967/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 5-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.08.2016 № 846/8 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
| Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "7" тамыздағы № 916/8 қаулысына қосымша |
Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен
айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.08.2016 № 846/8 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/р | Критерий атауы | Иеліктен айыру түрі |
1 |
Келесі критерийлер болған жағдайда: | Аукцион түрінде сауда-саттық өткізу |
2 |
Келесі критерийлер болған жағдайда: | тендер түрінде сауда-саттық өткізу |
3 |
Келесі критерий болған жағдайда: | Тікелей мекенжайдан сату |
4 |
Келесі критерий болған жағдайда: | Қор биржасында сауда-саттық өткізу |