1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы "Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" № 158/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелді, 2014 жылғы 31 мамырда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 364/12 қаулысына қосымша |
Профилактикасы мен диагностикасы
бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын
жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Малдардың бірнеше түрі бойынша ортақ аурулар (ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқа): қотыр.Жылқы аурулары: сақау.