1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі "2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" № 96/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 мамырда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
прембуласы келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201-жолдармен толықтырылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Қазақстан Республикасының | |
| Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
| 2015 жылғы "30" қазан |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 299/10 қаулысына қосымша |
|
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы "7" сәуірдегі № 96/4 қаулысына қосымша |
| 195. | Ластик Экстра, эмульсия концентраты (фенокса-проп-п-этил, 70 г/л+клоквинтосет-мексил (антидот), 40 г/л) | литр | 50 | 1664 |
| 196. | Эстерон, эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л) | литр | 30 | 555 |
| 197. | Форвард, майлы эмульсия концентраты (хизалофоп-п-этил, 60 г/л) | литр | 30 | 1155 |
| 198. | Дублон голд, сулы диспергерленетін түйіршіктер (никосульфурон, 600 г/л+тиенсульфурон-метил, 150 г/кг) | килограмм | 30 | 45437 |
| 199. | Лазурит, суланатын ұнтақ (метрибузин, 700 г\кг) | килограмм | 30 | 3894 |
| 200. | Ластик Экстра, эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил,70 г/л+клоквинтосет-мексил (антидот), 40 г/л) | литр | 30 | 998 |
| 201. | Эскудо, сулы диспергерленетін түйіршіктер (римсульфурон, 500 г/кг) | килограмм | 30 | 105398 |