"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Қ.Сәрсенбаев |
| Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "18" қыркүйектегі № 607 қаулысына 1-қосымша |
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Аудан атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Шиелі ауданы | 3265 |
| Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "18" қыркүйектегі № 607 қаулысына 2-қосымша |
2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
| Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "18" қыркүйектегі № 607 қаулысына 3-қосымша |