"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | Р.Рустемов |
| Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 212 қаулысына 1-қосымша |
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Жаңақорған ауданы | 3310 |
| Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 212 қаулысына 2-қосымша |
2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) | |
Мектепке дейінгі ұйымдар | |||
Бөбекжайлар, балабақшалар (мемлекеттік/жеке меншік) | Мектепке дейінгі шағын орталықтар | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жаңақорған ауданы | 19876 | 19876 |
| Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 212 қаулысына 3-қосымша |
2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері | Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |