Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқайнар ауылдық округі Қызылқайнар ауылының төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Жаңа көшесі – Ақжар;
Виноградная көшесі – Дегерес;
Интернациональная көшесі – Діңгек;
Космонавтов көшесі – Сарыбұлақ;
Строительная көшесі – Қарасай.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізушісі Аманбаев Есимжан Айтбаевичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | М. Юсупов |