Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 20.05.2019 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар қосымшаға сәйкес берілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Жүсібалиев |
|
Келісілді: Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы |
Р.Жолдыбаева |
| Кобда ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 260 қаулысына қосымша |
Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайлар
№ | Ауылдық округінің атауы | Сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайлар |
1 | Ақрап | Ақрап ауылында Тәуелсіздік көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ақырап ауылдық клуб ғимаратында |
2 | Бегалы | Калиновка ауылында Қазақстан көшесі, 82 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Калиновка ауылдық клуб ғимаратында |
3 | Бестау | Бестау ауылында Астана көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Бестау ауылдық клуб ғимаратында |
4 | Бұлақ | Әлия ауылында Жастар көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Әлия ауылдық Мәдениет үйі ғимаратында |
Талдысай ауылында Ә. Молдағұлова көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Талдысай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
Бұлақ ауылында Жастар көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Бұлақ негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
5 | И.Білтабанов атындағы | И.Білтабанов атындағы ауылында Астана көшесі, 40 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің И.Білтабан ауылдық клуб ғимаратында |
Қосөткел ауылында Абай көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қосөткел негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
Байтақ ауылында Бейбітшілік көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Байтақ бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
6 | Жарық | Жарық ауылында Астана көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Жарық ауылдық клуб ғимаратында |
Қанай ауылында К.Бекеев көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Жарық негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
7 | Жарсай | Жарсай ауылында Калинина көшесі, 36 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Жарсай ауылдық клуб ғимаратында |
Қарағанды ауылында Желтоқсан көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қарағанды ауылдық клуб ғимаратында | ||
Ақсай ауылында Астана көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Ақсай негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
8 | Жиренқопа | Жиренқопа ауылында Ардагер көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Жиренқопа ауылдық клуб ғимаратында |
9 | Жаңаталап | Жаңаталап ауылында И.Пятковский көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Жаңаталап орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
10 | Исатай | Жарсай ауылында Астана көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қиил ауылдық клуб ғимаратында |
11 | Қобда | Қобда ауылында И.Колесников көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
Қобда ауылында Ы.Алтынсарин көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қобда көпсалалық колледжі" ғимаратында | ||
12 | Құрсай | Құрсай ауылында Ә.Молдағұлова көшесі, 42 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Құрсай ауылдық клуб ғимаратында |
13 | Қызылжар | Қызылжар ауылында С.Сейфуллин көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қызылжар ауылдық клуб ғимаратында |
Қаракемер ауылында Тәуелсіздік көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қаракемер ауылдық клуб ғимаратында | ||
14 | И.Құрманов атындағы | Егіндібұлақ ауылында Тәуелсіздік көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "И.Құрманов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
Бегалы ауылында Абай көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Бегалы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
15 | Өтек | Өтек ауылында Астана көшесі 52, мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Өтек орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
16 | Сарбұлақ | Сарбұлақ ауылында Жастар көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Сарбұлақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
17 | Сөгәлі | Көгалы ауылында Қобланды батыр көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қобланды негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
Көк үй ауылында Абылайхан көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қазақстан 15 жылдық атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында | ||
18 | Терісаққан | Терісаққан ауылында Желтоқсан көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Терісаққан ауылдық клуб ғимаратында |