Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2015 жылғы 01 қазандағы № 5-2/376 ұсынысының негізінде Қурайлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қурайлы ауылдық округінің Өрлеу ауылында орналасқан "Заречье-Иман" шаруа қожалығы аумағында түйелер арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары А.Сугурбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қурайлы ауылдық округінің әкімі | М.Тұрмағамбетова |