Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкімінің 08.09.2017 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 01-24-11 ұсынысы негізінде Өлеңті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданының Өлеңті ауылдық округінің Самал жайылым учаскесінде ит құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Өлеңті ауылдық округінің әкімі |
Б.Т.Хосыбаев |