"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік оның көшірмесін баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика | |
министрі | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы ____ _______
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.04.2026 № 197 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 05.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.04.2026 № 205 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.06.2026 № 321 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.04.2026 № 197 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 05.05.2026 № 225 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.04.2026 № 205 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.06.2026 № 321 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығына 2-қосымша |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы күші
жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11075 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланды).
2. "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11083 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 маусымда жарияланды).
3. "Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7866 болып тіркелді, "Казахстанская правда" газетінде 2012 жылғы 3 қазанда № 336-337 (27155-27156), "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 3 қазанда № 642-647 (27719) жарияланды).