Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8644 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінің № 282 (28221) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы 18-05/928 бұйрығымен бекітілген |
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарын:
1) балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – кәсіпорындар);
2) конкурстық негізде балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалар);
3) жануарлар дүниесін пайдаланушылар;
4) Заңның 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер);
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Су айдындарына балық жіберу балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) берген ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе мемлекеттік тапсырыс аясында су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдындарына балық жіберу орнын айқындайды.
Балық жіберілетін орынды түпкілікті келісу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді, ол балық жіберу басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей үш данада жасалады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Су айдындарына балық жіберуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11898 болып тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық анықтама болған жағдайда жол беріледі.
8. Мемлекеттік кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.
Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстардың ашықтығы мен айқындығы мақсатында олар басталардан кемінде екі жұмыс күні бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2022 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-1. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-2. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар және субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, жануарлар дүниесін пайдаланушылар, субъектілер аумақтық бөлімшені немесе жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан, жануарлар дүниесін пайдаланушылардан, субъектілерден ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.
Аумақтық бөлімшелердің өкілдері балық отырғызу материалын түсіру және су айдындарына жіберу кезінде есептеу процестеріне қатысады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу актісімен (бұдан әрі – акт) ресімдейді.
Су айдындарына екі немесе одан да көп партиямен балық отырғызу материалдарымен балық жіберілген жағдайда, акт әрбір партияға ресімделеді.
12. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарының қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісін (бұдан әрі – жиынтық актісі) ресімдейді.
13. Кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
Су айдындарына балық жіберу жұмыстары аяқтағаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушылар үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
15. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар мыналарды қамтиды:
1) балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізу, соның ішінде қыс мезгілінде мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою;
2) қатты өсімдіктерді шабу;
3) балықтардың уылдырық шашу жерлеріне өтуін қамтамасыз ететін түп тереңдету және басқа жұмыстарды жүргізу;
4) табиғи уылдырық шашу жерлерін қалпына келтіру және (немесе) жасанды уылдырық шашу жерлерін жайластыру;
5) балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау.
16. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
17. Ғылыми ұсынымдарда:
1) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу орындылығының негіздемесі мен күтілетін нәтижелердің болжамы;
2) су объектілері, су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы мәліметтер;
3) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жүргізу орны, мерзімі, әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныс көрсетіледі.
18. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Су объектілерінің балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарының аяқталуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (бұдан әрі – жұмыстардың аяқталуы туралы акті) ресімделеді.
20. Аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізгені туралы электрондық жеткізгіште фото және видео материалдары қоса берілген су айдындарына балық жіберудің аяқталуы туралы акті он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Келісілген күн __________________________________________________
1. Су айдынының (учаскенің) атауы:________________________________
____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)
2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның,
жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы: _______________________________
____________________________________________________________________
3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәліметтер ________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны________________________
____________________________________________________________________
(схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)
Актіге қол қойғандар:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Су объектілерін балық жіберу, су обьектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Су айдындарына балық жіберу актісі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы акт 20 __ жылы "__" ______________ жасалынды
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорынның,
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, субъектінің атауы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу _______________________________________
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік тапсырысты орындау, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)
Балық отырғызу материалының жіберу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының атауы)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының жас мөлшері және түрлік құрамы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының саны және данасының орташа салмағы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Балық отырғызу материалының жай-күйі______________________________
______________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да мәліметтер
(жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу және аяқталу уақыты, судың температурасы,
ауаның температурасы, жеткізу кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны)
______________________________________________________________________
Актіге қол қойғандар:
_________________ |
_____________________ |
____________________________ |
_________________ |
_____________________ |
____________________________ |
_________________ |
_____________________ |
____________________________ |
_________________ |
_____________________ |
____________________________ |
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Балық жіберу уақыты және акт № | Балықтардың түрлері | Жас құрамы және орташа салмақ | Жалпы саны (мың дана) | Жіберу орны (су айдынының aтауы) | ||||
дернәсілдер (мың дана) | бір жазғылар (мың дана) | орташа салмақ (грамм) | екіжылдықтар (мың дана) | орташа салмақ (грамм) | |||||
1. | |||||||||
2. | |||||||||
Жиыны |
Комиссия мүшелерінің қолдары:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі
жұмыстарды жүргізетін ұйымның атауы _________________________________
____________________________________________________________________
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды
жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының
атауы ____________________________________________________
Су объектілеріне балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі келесі
жұмыс түрлері жүргізілді:______________________________________________
____________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |