Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.09.2025 № 244-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 242) тармақшасына сәйкес,- БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.09.2025 № 244-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.09.2025 № 244-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығымен бекітілген |
Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.09.2025 № 244-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Жануарлардың түрлері |
1 | 2 |
Сүт қоректілер | |
1 | Жанат тәрізді ит |
2 | Қарсақ |
3 | Түлкі |
4 | Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы) |
5 | Жанат |
6 | Бұлғын |
7 | Құну |
8 | Сарғыш күзен |
9 | Ақ қалақ |
10 | Ақкіс |
11 | Сары күзен |
12 | Сасық күзен |
13 | Америка су күзені |
14 | Борсық |
15 | Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы) |
16 | Сілеусін (түркістандықтан басқасы) |
17 | Қабан |
18 | Құдыр |
19 | Өзен құндызы |
20 | Сібір елігі |
21 | Марал |
22 | Аскания бұғысы |
23 | Бұлан |
24 | Киік |
25 | Сібір тау ешкісі |
26 | Кәдімгі тиін |
27 | Зорман |
28 | Байбақ немесе дала суыры |
29 | Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры |
30 | Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр |
31 | Ондатра немесе су тышқан |
32 | Құм қоян |
33 | Ор қоян |
34 | Ақ қоян |
35 | Қасқыр |
Құстар: | |
1 | Қызыл жемсаулы гагара |
2 | Қара жемсаулы гагара |
3 | Сұр қаз |
4 | Ақмаңдайлы қаз |
5 | Қырманқаз |
6 | Отүйрек |
7 | Сарыалақаз |
8 | Барылдауық |
9 | Ысылдақ шүрегей |
10 | Қырылдақ шүрегей |
11 | Боз үйрек |
12 | Сары айдар үйрек |
13 | Қылқұйрық |
14 | Даурықпа шүрегей |
15 | Жалпақ тұмсық |
16 | Қарашақаз |
17 | Қызғыш |
18 | Көк сүңгуір |
19 | Қызылбас сүңгуір |
20 | Айдарлы сүңгуір |
21 | Айдарсыз сүңгуір |
22 | Ұшқыр үйрек |
23 | Сусылдақ |
24 | Айдарлы үйрек |
25 | Қара тұрпан |
26 | Кіші бейнарық |
27 | Секпілтес бейнарық |
28 | Бейнарық |
29 | Аққұр |
30 | Тундра аққұры |
31 | Құр |
32 | Саңырау құр |
33 | Сұр құр |
34 | Гималай ұлары |
35 | Кекілік |
36 | Дала шілі |
37 | Шіл |
38 | Сақалды шіл |
39 | Бөдене |
40 | Қырғауыл |
41 | Қасқалдақ |
42 | Дыркептер |
43 | Түзкептер |
44 | Көк кептер |
45 | Құз кептер |
46 | Кәдімгі түркептер |
47 | Үлкен түркептер |
48 | Күжіркей |
49 | Шаушалшық |
50 | Тауқұдірет |
51 | Орман маңқысы |
52 | Ауылдақ тауқұдіреті |
53 | Тау маңқысы |
54 | Маңқы |
55 | Жылқышы |
56 | Үлкен шалшықшы |
57 | Қасқа шалшықшы |
58 | Үлкен шырғалақ |
59 | Кіші шырғалақ |