Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 12 қарашадағы № 232 ұсынысы негізінде Полтава ауылдық округінің әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты, Полтава ауылдық округінің Мәжит жайлауы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Полтава ауылдық округі | |
| әкімінің міндетін атқарушы | А. Таужанов |