"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қадырбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Аудандық (аумақтық) сайлау | |
коммисиясының төрағасы | |
_____________Ж. Абдолов | |
08.09.2014 ж. |
| Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 277 қаулысына қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 26.06.2026 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекен атауы | Орналасатын жері | Саны |
1. | Ақоба ауылы | Абай көшесінің бойында | 1 |
2. | Борсы ауылы | Ш. Мұхамбетқалиев көшесінің бойында | 1 |
3. | Тегісшіл ауылы | Тегісшіл негізгі орта мектебі ғимаратының алды | 1 |
4. | Жақсыбай ауылы | Ж. Қарақұлов көшесінің бойында | 1 |
5. | Жәнібек ауылы | Орталық алаң | 1 |
6. | Жәнібек ауылы | Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратының алды | 1 |
7. | Жасқайрат ауылы | Т. Жароков көшесінің бойында | 1 |
8. | Өнеге елді мекені | "Өнеге бастауыш мектебі" ғимаратының алды | 1 |
9. | Құрсай елді мекені | Құрсай медициналық пункті ғимаратының алды | 1 |
10. | Көлтабан елді мекені | Көлтабан медициналық пункті ғимаратының алды | 1 |
11. | Қамысты елді мекені | Тәуелсіздік көшесінің бойында | 1 |
12. | Талов ауылы | Гагарин көшесінің бойында | 1 |
13. | Майтүбек елді мекені | Майтүбек медициналық пункті ғимаратының алды | 1 |
14. | Тау ауылы | Абай көшесінің бойында | 1 |
15. | И. Жұмаев ауылы | "И. Жұмаев атындағы бастауыш мектебі" ғимаратының алды | 1 |
16. | Ұзынкөл ауылы | Мектеп көшесінің бойында | 1 |
17. | Еңбекші елді мекені | Еңбекші кітапханасы ғимаратының алды | 1 |