РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
| |
|
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
| Таза табыс 3000000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
| Таза табыс 3000001 теңгеден 50000000 тенгеге дейін | 150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |
| Таза табыс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін | 4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз |
| Таза табыс 250000001 теңгеден 500000000 теңгеге дейін | 34850000 теңге + 250000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз |
| Таза табыс 500000001 теңгеден 1000000000 теңгеге дейін | 97350000 теңге + 500000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз |
| Таза табыс 1000000001 теңге және одан жоғары | 247350000 теңге + 1000000000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз |