Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңатілек ауылдық округінің Жаңатілек ауылында ауыл шаруашылық малдардың құтырма ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша) осы шешімге сәйкес, шара қолдансын.
3. Жаңатілек ауылдық округінің ветеринариялық пунктің меңгерушісі (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округі әкімі | Ж. Мұсабаев |
| КЕЛІСІЛДІ | |
| Қазақстан Республикасы | |
| ауыл шаруашылық | |
| Министрлігі ветеринариялық | |
| бақылау және қадағалау | |
| комитетінің Баянауыл | |
| аудандық аумақтық | |
| инспекциясының басшысы, | |
| ауданың бас мемлекеттік | |
| ветеринариялық-санитарлық инспекторы | Р. Нұрғалиев |
| "26" желтоқсан 2014 жылғы | |
| "Қазақстан Республикасы | |
| Тұтынушылардың құқықтарын | |
| қорғау агенттігінің | |
| Павлодар облысы тұтынушылардың | |
| құқықтарын қорғау | |
| департаментінің Баянауыл | |
| аудандық тұтынушылардың | |
| құқықтарын қорғау басқармасы" | |
| республикалық мемлекеттік | |
| мекемесі басшысы | Т. Н. Ишанова |
| "26" желтоқсан 2014 жылғы | |
| "Баянауыл ауданының | |
| ветеринария бөлімі" мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | Н. Т. Дәулетов |
| "26" желтоқсан 2014 жылғы |