"Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аңшылар мен аңға шығушыларды материалдық ынталандыру мақсатында:
1) әрбір олжаланған ересек қасқырға (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) әрбір олжаланған бөлтірікке (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштің 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;
3) әрбір олжаланған шибөріге (терісінің құнынсыз) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштің 50 (елу) пайызы мөлшерінде сыйақы көзделсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысының әкімінің 29.09.2017 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) экобиологиялық тепе-теңдікті сақтауды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қасқырларды және шибөрілерді атуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) осы шешімнен туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |