Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 6С-20/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына, аудан әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 01-54 хатына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 Жарқайың аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Целинное знамя" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
12 тармақтың екінші азат жолындағы "облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен" сөздері алынып тасталсын;
13 тармақтағы "облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Рахимов |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Жарқайың ауданының әкімі |
А.Үйсімбаев |