Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2013.11.5 N 321 Қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
1. 2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын:
1) аз қамтылғандар;
2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалары бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына, не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
1) жиырма біp жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
3) он екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Макеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Тимирязев ауданының әкімі | Қ. Қасенов |