Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарғалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы бойынша 2013 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Аудан әкімі | Р.Сыдықов |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 239 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Тұрғылықты жердің атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылған балалар саны (адам) |
| 1 | Бадамша ауылы | 100 |
| | Барлығы | 100 |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 239 қаулысына 2 қосымша |
Бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
| Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстар дың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | |||||||||
| Балабақшалар (бөбекжайлар) | ||||||||||
| қатты отынымен жылыту | электр, газ немесе орталықтан жылыту | |||||||||
| 1 топтан 3 топқа дейін | 4 топтан 5 топқа дейін | 6 топтан 7 топқа дейін | 8 топтан 9 топқа дейін | 10 және одан да көп топтарға дейін | 1 топтан 3 топқа дейін | 4 топтан 5 топқа дейін | 6 топтан 7 топқа дейін | 8 топтан 9 топқа дейін | 10 және одан да көп топтарға дейін | |
| | 27490 | | | | 43500 | 23531 | 21155 | | | |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 239 қаулысына 3 қосымша |
Бір тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | |
| Балабақшалар (бөбек-балабақшалар) | ||
| Ұйымдарда болу ұзақтығымен | ||
| 9-10,5 сағат | 12 сағат | |
| 400 | 420 | |