"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 тамыздағы N 210 "Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-5-113, 2011 жылғы 03 қыркүйекте N 36 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы:
"бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар" сөзінен кейін ", қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар" сөзімен толықтырылсын;
1 тармақтағы:
"бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар" сөзінен кейін ", қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Құрмансейітовке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қаражал қаласының әкімі | Ғ. Әшімов |