Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2018 № 175 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Таран ауданы аумағындағы қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Отыз тоғызыншы, кезектен тыс сессиясының төрағасы |
Н. Транда |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының
қаржы Министірлігінің Салық
комитеті Қостанай облысы
бойынша Салық департаменті
Таран ауданы бойынша
Салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Қ. Алиев
| Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 360 шешіміне қосымша |
Таран аумағында қызметті жүзеге асыратын барлық салық салушылар үшін айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшері
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/п | Салық салу объектісінің атауы | Айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |