Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 02.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік) тіркеу тізілімінде 3697 нөмірімен тіркелген, 2009 жылы 23 желтоқсанда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы "пайызға" деген сөзден кейін ", 495-баптың 6-тармағы кестесінің 1.3.5 жолында белгіленген жүз пайызға көтеретін төлемақы ставкаларынан басқалары," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Е. Аманжолов |
|
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Төкенов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ Қ. Төлеубаев
"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ С. Аймұхамбетова
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________ М. Щеглова