Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 25.02.2019 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2009 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аймақтық ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және Шаховское ауылының тұрғындарының пікірлері бойынша, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданың Шаховское ауылындағы атауы жоқ көшесіне "Мәжит Қасенев атындағы" атауы берілсін.
2. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн ішінде өз күшіне енеді.
| Ауылдық округ әкімі | О.Қ. Сибанов |