Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011.02.03 № 219 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 аудандық мәслихаттың шешіміне (№ 3-8-80 тіркелген, 2008 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шешімнің атауында, 1 тармағындағы "сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Аудандық мәслихат хатшысы |
| М.Ордабаев | А.Смағұлов |