Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда берілген - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 3/506 қаулысымен.
        Қазақстан Республикасының "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 689  қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1.  Күші жойылды 
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 3/506 қаулысымен.
       2. Қоса беріліп отырған: 
      1) комиссия туралы Ереже; 
      2) комиссия шешімінің үлгісі; 
      3) комиссия мәжілісі хаттамасының үлгісі; 
      4) жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты комиссияға келіп түскен өтініштерді есепке алу журналының үлгісі; 
      5) жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар тізілімінің үлгісі; 
      6) жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды алғандығы туралы қолхаттың үлгісі бекітілсін. 
      3. Комиссия өз қызметінде комиссия туралы Ережені басшылыққа алады. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 
       Алматы қаласы әкімінің 
      міндетін атқарушы 
Әкімдік хатшысы
Алматы қаласы әкімдігінің 
     2006 жылғы 3 тамыздағы 
N 5/989 қаулысына қосымша 
Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 3/506 қаулысымен.
Алматы қаласы әкімдігінің 
      2006 жылғы 3 тамыздағы 
N 5/989 қаулысымен бекітілген 
 
  Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының 
аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария 
етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы ереже  1. Жалпы ережелер 
      1. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті Алматы қаласы әкімдігінің жанынан құрылатын алқалы орган болып табылады. 
      2. Комиссия өз қызметін«"Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң), осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен құрылады. 
      4. Комиссияны төраға - Алматы қаласының тиісті ауданы әкімінің орынбасары басқарады. 
      Комиссияның дербес құрамы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі. 
      5. Комиссияның орналасқан жері - Алматы қаласының тиісті аудан әкімі аппаратының ғимараты. 
      6. Комиссия демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Заңмен белгіленген мерзім шеңберінде барлық күндері жұмыс істейді.  
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
        7. Комиссияның негізгі міндеті жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау болып табылады. 
      8. Комиссияның функциялары: 
      1) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрі - жария ету субъектілері) өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету; 
      2) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгілеу; 
      3) құжаттардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкес келуін анықтау; 
      4) жария ету субъектісіне жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешімдерді беру;  
      5) жария ету объектісі туралы мәліметтерді Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жария етілген мүлік тізіліміне енгізу болып табылады.   
3. Комиссия жұмысының тәртібі
      9. Комиссия жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілерінің өтініштерін белгіленген тәртіпте тіркейді. 
      Құжаттары қоса тіркелген өтініштерді комиссия хатшысы қабылдап алады. Өтініштер комиссияға келіп түскен жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі өтініштерді тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі.  
      Құжаттары қоса тіркелген өтініштерді қабылдау кезінде мүлікті жергілікті мемлекеттік атқару органы бекіткен нысанда жария ету үшін берілген құжаттардың тізілімі жасалады.  
      Комиссия хатшысы өтінішті журналға тіркеп, оған нөмір қояды. 
      Комиссия хатшысы өтініштің екінші данасына өтініштің күні мен нөмірін және берілген құжаттар мен өтінішті алғандығы туралы қолын қоя отырып, өтініш білдірушіге қайтарады. 
      10. Жария ету мерзімінің ішінде берілген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш тиісті комиссияға өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінің ішінде қаралуға тиіс. 
      11. Заңның  6-бабында және  11-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейін комиссия: 
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 696  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша құжатты кері қайтару туралы; 
      2) жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тарту туралы; 
      3) жылжымайтын мүлікті жария ету туралы. 
      Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады және оған төраға, комиссия мүшелері және хатшы қол қояды. 
       Ескерту. 11 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылды -  Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы  N 7/1252  және 2007 жылғы 9 қаңтардағы  N 1/58 қаулыларымен. 
      12. Комиссияның хатшысы комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді және хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап беретін комиссияның барлық мүшелері оған қол қояды. 
      13. Жергілікті атқарушы органдар мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді.  
      14. Жылжымайтын мүлікті жария ету туралы ақпарат жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімнің көшірмесін жібере отырып, ұсынылады. 
      15. Жылжымайтын мүлікті әрі қарай ресімдеу туралы шешім шығарылғаннан кейін Комиссия шешімнің көшірмесін: 
      1) Жер қатынастары басқармасына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты ресімдеу үшін; 
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696  қаулысының негізінде Алматы қаласының әкімдігімен құрылған қабылдау комиссиясына пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу үшін; 
      3) "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық төлқұжатты ресімдеу үшін жібереді.  
       Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда жазылды -  Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы  N 7/1252  қаулысымен; өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы  N 1/58 қаулысымен. 
      15-1. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу аяқталғаннан кейін комиссия жария ету субъектісіне мәліметтерді жария етілген мүлік тізіліміне бір мезгілде енгізе отырып, жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді ресімделген құжаттармен бірге береді.       
       Ескерту. 15-1 тармақ Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы  N 7/1252  қаулысымен енгізілді. 
4. Комиссияның құқықтары
             16. Комиссия өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша: 
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін жария етілетін жылжымайтын мүлік туралы қажетті ақпаратты сұратуға; 
      2) комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тартуға; 
      3) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған адамдардан түсініктеме алуға; 
      4) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш жасаған жария ету субъектілері мүлкінің тиесілігін анықтауға; 
      5) жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.  
5. Комиссияның қызметін тоқтату
17. Комиссия Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.
Алматы қаласы әкімдігінің     
                             2006 жылғы 3 тамыздағы      
N 5/989 қаулысымен бекітілген  
  ____________________ ауданындағы 
____________ жылжымайтын мүлікті 
________________жария ету туралы         
Қазақстан Республикасының "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы _____________________ ауданы бойынша Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
        1. _____________________ мекен-жайы бойынша, ________________ 
аудан орналасқан жылжымайтын мүлік ________________________________ 
(СТН ________________) жария етілсін. 
      2. Жария етілген жылжымайтын мүлік заңда белгіленген тәртіпке 
сәйкес 2007 жылғы 1 сәуірге дейін тіркеуден өткізілуі тиіс.  
Комиссия төрағасы: ______________________________________ 
Комиссия хатшысы:________________________________________ 
Комиссия мүшелерінің аты-жөндері мен қолдары: 
1._______________________________________________________ 
2._______________________________________________________ 
3._______________________________________________________ 
4._______________________________________________________ 
5._______________________________________________________ 
6._______________________________________________________ 
7._______________________________________________________ 
Алматы қаласы әкімдігінің    
2006 жылғы 3 тамыздағы      
N 5/989 қаулысымен бекітілген   
"Бекітемін"»         
Алматы қаласының 
      ______________ауданы бойынша 
      комиссия төрағасы 
      _____________________________ 
      (аты-жөні, қолы) 
      2006 жылғы "____"» ___________ 
     Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы_______________ 
ауданы бойынша Алматы қаласының аумағында орналасқан, 
құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді 
жүргізу жөніндегі комиссия мәжілісінің 
N _______ ХАТТАМАСЫ   
Төрағалық етуші:___________________________________________________ 
Комиссияның мүшелері қатысты:______________________________________ 
___________________________________________________________________ 
                            Күн тәртібі: 
___________________________________________________________________ 
___________________________________________________________________ 
                               Шешім: 
___________________________________________________________________ 
___________________________________________________________________ 
Комиссия төрағасы: ________________________________________________ 
Комиссия хатшысы: _________________________________________________ 
Комиссия мүшелерінің аты-жөндері мен қолдары:      1._________________________________________________________________ 
2._________________________________________________________________ 
3._________________________________________________________________ 
4._________________________________________________________________ 
5._________________________________________________________________ 
6._________________________________________________________________ 
7._________________________________________________________________ 
Алматы қаласы әкімдігінің     
                                  2006 жылғы 3 тамыздағы       
N 5/989 қаулысымен бекітілген   
Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияға келіп түскен өтініштерді есепке алу журналы
| N№ | Қоса тіркелген құжаттарымен бірге өтініш берілген күн | Өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы | Өтініш берушінің тұрғылықты жері немесе заңды мекен-жайы | Жария етілетін мүліктің атауы | Жария етілетін мүліктің құны | Жария ету үшін төленген алым сомасы | Комиссияның шешімі | Шешімді берген күн | Шешімді алдым (аты-жөні, қолы) | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 
                                        Алматы қаласы әкімдігінің 
                                    2006 жылғы 3 тамыздағы N 5/989 
                                        қаулысымен бекітілген 
 Жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттардың 
N ______ тізілімі  
Берілген құжаттардың тізімі:
1._______________________________________________________ 
2._______________________________________________________ 
3._______________________________________________________ 
4._______________________________________________________ 
5._______________________________________________________ 
6._______________________________________________________ 
7._______________________________________________________ 
8._______________________________________________________ 
9._______________________________________________________ 
10.______________________________________________________ 
Құжаттардың саны ______ (______________________________) 
Құжаттардағы беттердің саны _______ (__________________) 
Маман _______________________________ __________________ 
             (аты-жөні)                       қолы 
2006 жылғы «"____"» ______________
Мен,____________________________________________________ 
                (өтініш берушінің аты-жөні)  
жылжымайтын мүлікті жария ету үшін берілген 2006 жылғы _____________ N ________ өтініш пен құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхатты шын мәнінде алдым, сондай-ақ  жария етуге ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына жауап беремін және: 
      1) маған (мен өкілі болып табылатын заңды тұлғаға) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-193, 218, 221, 222 баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалмағанын; 
      2) мен (мен өкілі болып табылатын заңды тұлға) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-193, 218, 221, 222 баптарында аталған қылмыстар жасағаны үшін сотталмағанымды; 
      3) мен (мен өкілі болып табылатын заңды тұлға) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118, 120, 143, 154, 155 (бірінші бөлігі), 178, 179, 182, 185, 189, 205-209, 237, 239, 253, 357-2 баптарында аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағанымды; 
      4) жария етуге құжаттары берілген жылжымайтын мүлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, жеке тұлғаға, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне, меншікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы жасалынған қылмыстардың нәтижесінде алынбағанын; 
      5) мен жария ету үшін құжаттар ұсынып отырған жылжымайтын мүлікке құқықтар сот тәртібімен дауланып жатпағанын; 
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында құқық берілмейтін жылжымайтын мүлікті жария етпейтінімді растаймын.  
Өтініш беруші ____________   ______         2006 жылғы "___" _____ 
                 (аты-жөні)   қолы  
  Алматы қаласы әкімдігінің     
                                  2006 жылғы 3 тамыздағы      
N 5/989 қаулысымен бекітілген   
 Жылжымайтын мүлікті жария ету үшін 
ұсынылған құжаттарды алғаны туралы 
  N ______ қолхат 
Құжаттар ұсынған өтініш беруші_________________________ 
                                    (аты-жөні) 
                   Берілген құжаттардың тізімі: 
1._________________________________________________________________ 
2._________________________________________________________________ 
3._________________________________________________________________ 
4._________________________________________________________________ 
5._________________________________________________________________ 
6._________________________________________________________________ 
7._________________________________________________________________ 
8._________________________________________________________________ 
9._________________________________________________________________ 
10.________________________________________________________________ 
Құжаттардың саны ______ (_________________________________________)
Құжаттардағы беттердің саны_________________(_____________________) 
Маман _______________________________________  ____________________ 
                     (аты-жөні)                         қолы 
2006 жылғы "____"» ______________
Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімін табыстаған күн 2006 жылғы "____"» ______________
Ескерту: Құжаттардың түпнұсқасы жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімін табыстаған уақытта кері қайтарылуы тиіс.