Қызылорда облысы жұртшылығының тiлектерiн ескере отырып,
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк
ономастикалық комиссияның қорытындысы негiзiнде қаулы етемiн:
1. Қызылорда облысындағы Ленинск қаласының аты Байқоңыр қаласы
болып өзгертiлсiн.
2. Былай деп белгiленсiн:
Осы Жарлықтың қабылдануы Ленинск қаласы жөнiнде Ресей
Федерациясымен жасалған шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiн
өзгертпейдi.
Қазақстан Республикасының
Президентi