Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 маусымда Оттавада жасалған Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қатысушы болмау ниеті жөнінде Канаданы заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |