Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 89-НҚ нормативтік қаулысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Р.А. Подопригора және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

      Баяндамашылар – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары С.Ф. Ударцевті, Қ.Т. Жақыпбаевты және Қ.С. Мусинді тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп және Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

анықтады:

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына (бұдан әрі – Конституциялық Сот) 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын:

      "лауазымын 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарып келе жатқан адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағында, 72-бабы 2 және 3-тармақтарында, 83-бабы 1-тармағында, 84-бабы 3-тармағында көрсетілген қызметке сайлана ала ма не лауазымға тағайындала ала ма?" деген сұраққа жауап беріп, ресми түсіндіру туралы өтініш жолдады.

      Негізгі Заңның нормаларына талдау жасай келе, өтініш нысанасына қатысты Конституциялық Сот мыналарды негізге алады.

      1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Негізгі Заң, Конституция, қолданыстағы Конституция) мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау кепілдіктерін күшейте отырып, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне көшуді көздейді.

      Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейтін конституциялық құндылықтар санатына жатқызылды. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары конституциялық деңгейде бекітілді.

      Қолданыстағы Конституция халық билігінің негіздерін нығайтты және онда Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі деп белгіленді (4-баптың 1-тармағы). Негізгі Заң бір палаталы Парламент – Құрылтайды құру, Вице-Президент лауазымын енгізу, Үкіметтің рөлі мен жауапкершілігін күшейту, Қазақстан Халық Кеңесін құру, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және құқық қорғау институттарының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды бекіту арқылы бірыңғай мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу жүйесін жаңғыртты. Мемлекеттік билікті монополияға айналдыруға жол бермейтін қосымша құқықтық құралдар енгізілді.

      Азаматтардың тікелей ерік білдіруі арқылы ең жоғары заңды күшке ие болған Негізгі Заң осылайша қоғам мен мемлекеттің одан әрі эволюциялық дамуына құқықтық негіз қалады.

      2. Қолданыстағы Конституция бір адамның тиісті лауазымды атқаруына бір реттік өкілеттік мерзімді бекітеді.

      Мәселен, 43-баптың 1-тармағында Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды деп белгіленді.

      Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы немесе судьясы болып тағайындалмайды (72-баптың 2 және 3-тармақтары).

      83-баптың 1-тармағында Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды деп айқындалды.

      Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Бас Прокурор болып тағайындалмайды (84-баптың 3-тармағы).

      Осы конституциялық ережелердің барлығында "Конституцияға сәйкес" деген сөздер қолданылып, жоғарыда аталған қызметке сайлау не лауазымға тағайындау мәселелері қолданыстағы Конституциямен және оған қайшы келмейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі дегенді білдіреді.

      Аталған конституциялық нормалардың мазмұнынан оларда белгіленген шектеулер адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану не лауазымға алдыңғы тағайындалу фактісімен дәл осы қолданыстағы Конституцияда және оның негізінде қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте байланысты болатыны шығады.

      Конституциялық Сот Конституция мемлекеттің 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда тікелей халық қабылдаған және мемлекеттік билікті ұйымдастырудың жаңартылған жүйесін бекіткен Негізгі Заңы болып табылады дегенді негізге алады.

      Конституцияның 43-бабының 1-тармағында, 72-бабының 2 және 3-тармақтарында, 83-бабының 1-тармағында және 84-бабының 3-тармағында белгіленген шектеулер қолданылған жағдайда 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – 1995 жылғы Конституция) қолданыста болған кезеңде лауазымдарда болу мерзімдерін немесе тиісті қызметке сайлау не лауазымға тағайындау фактілерін есепке алуды көздейтін ережелерді Конституция қамтымайды.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының аталған лауазымдарды атқаруға қатысты конституциялық құқығын шектеу екіұштылыққа апармай, нақты болып бекітілуге тиіс және ол кеңінен түсіндіру арқылы белгіленбеуге тиіс. Қолданыстағы Конституцияда 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңдегі мерзімдерді немесе сайлау не тағайындау фактілерін есепке алу туралы тікелей нұсқаудың көрсетілмеуі осы лауазымдарды атқарып жүрген адамдарға тиісті шектеулердің қолданылу мүмкіндігін жоққа шығарады.

      Демек, адамның аталған лауазымдардың бірін 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқару фактісі Конституция күшіне енгеннен кейін оны тиісті қызметке сайлауға не лауазымға тағайындауға Негізгі Заңда көзделген конституциялық-құқықтық кедергі болып табылмайды.

      Қолданыстағы Конституцияның 43-бабының 1-тармағында, 72-бабының 2 және 3-тармақтарында, 83-бабының 1-тармағында және 84-бабының 3-тармағында белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан конституциялық-құқықтық мағынада аталған лауазымдарды атқаратын адамдар жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бірінші рет сайланғанда не тағайындалғанда ғана маңызды болады.

      Осы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5558-баптарын және 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

      қаулы етеді:

      1. 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын осы конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек.

      Аталған конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан мұндай адамдардың 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес алғаш рет жүзеге асырылып отыр деп есептеледі.

      2. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.

      3. Осы нормативтік қаулы заңдарды ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Конституциялық Соты

Об официальном толковании пункта 1 статьи 43, пунктов 2 и 3 статьи 72, пункта 1 статьи 83 и пункта 3 статьи 84 Конституции Республики Казахстан

Нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 7 июля 2026 года № 89-НП

ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      Конституционный Суд Республики Казахстан в составе Председателя Азимовой Э.А., судей Жакипбаева К.Т., Жатканбаевой А.Е., Кыдырбаевой А.К., Мусина К.С., Нурмуханова Б.М., Подопригоры Р.А. и Ударцева С.Ф. рассмотрел в открытом заседании обращение Президента Республики Казахстан об официальном толковании пункта 1 статьи 43, пунктов 2 и 3 статьи 72, пункта 1 статьи 83 и пункта 3 статьи 84 Конституции Республики Казахстан от 15 марта 2026 года.

      Заслушав докладчиков – судей Конституционного Суда Республики Казахстан Ударцева С.Ф., Жакипбаева К.Т. и Мусина К.С., изучив материалы конституционного производства и проанализировав нормы действующего права Республики Казахстан, Конституционный Суд Республики Казахстан

      установил:

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 73 Конституции Республики Казахстан Президент Республики Казахстан Токаев К.К. направил обращение в Конституционный Суд Республики Казахстан (далее – Конституционный Суд) о даче официального толкования пункта 1 статьи 43, пунктов 2 и 3 статьи 72, пункта 1 статьи 83 и пункта 3 статьи 84 Конституции Республики Казахстан от 15 марта 2026 года, в котором просил ответить на следующий вопрос:

      "могут ли лица, которые занимают должности в соответствии с Конституцией от 30 августа 1995 года, быть избраны или назначены на должности, указанные в пункте 1 статьи 43, пунктах 2 и 3 статьи 72, пункте 1 статьи 83, пункте 3 статьи 84 Конституции Республики Казахстан от 15 марта 2026 года?".

      Проанализировав нормы Основного Закона применительно к предмету обращения, Конституционный Суд исходит из следующего.

      1. Конституция Республики Казахстан, принятая 15 марта 2026 года на республиканском референдуме и вступившая в силу с 1 июля 2026 года (далее – Основной Закон, Конституция, действующая Конституция), предусматривает переход к новой модели государственного управления с усилением гарантий реализации и защиты высших ценностей государства – человека, его жизни, прав и свобод.

      Суверенитет, Независимость, унитарность, территориальная целостность и форма правления Республики Казахстан отнесены к категории неизменных конституционных ценностей. На конституционном уровне закреплены принципы Справедливости, Закона и Порядка, основополагающие принципы деятельности Республики Казахстан.

      Действующей Конституцией укреплены основы народовластия и в ней установлено, что народ Казахстана – единственный источник государственной власти и носитель Суверенитета (пункт 1 статьи 4). Основным Законом осуществлена модернизация системы организации единой государственной власти посредством учреждения однопалатного Парламента – Курултая, введения должности Вице-Президента, усиления роли и ответственности Правительства, учреждения Қазақстан Халық Кеңесі, закрепления мер по обеспечению верховенства права и повышению эффективности правозащитных институтов. Введены дополнительные правовые инструменты, направленные на недопущение монополизации государственной власти.

      Тем самым Основной Закон, получивший высшую легитимность через прямое волеизъявление граждан, заложил правовые основы для дальнейшего эволюционного развития общества и государства.

      2. Действующая Конституция закрепляет однократный срок полномочий одного и того же лица при занятии соответствующей должности.

      Так, в пункте 1 статьи 43 установлено, что одно и то же лицо не может быть в соответствии с Конституцией избрано Президентом Республики Казахстан более одного раза.

      Одно и то же лицо не может быть назначено в соответствии с Конституцией Председателем или судьей Конституционного Суда более одного раза (пункты 2 и 3 статьи 72).

      В пункте 1 статьи 83 определено, что одно и то же лицо не может быть назначено в соответствии с Конституцией Председателем Верховного Суда более одного раза.

      Одно и то же лицо не может быть назначено в соответствии с Конституцией Генеральным Прокурором более одного раза (пункт 3 статьи 84).

      Все указанные конституционные положения с учетом использования в них слов "в соответствии с Конституцией" означают, что вопросы избрания или назначения на вышеперечисленные должности регулируются действующей Конституцией и не противоречащим ей законодательством Республики Казахстан.

      Из содержания названных конституционных норм следует, что установленные в них ограничения связываются с фактом предыдущего избрания или назначения лица на соответствующую должность именно в порядке, предусмотренном действующей Конституцией и принятыми на ее основе нормативными правовыми актами.

      Конституционный Суд исходит из того, что Конституция является Основным Законом государства, принятым 15 марта 2026 года непосредственно народом на республиканском референдуме и закрепившим обновленную систему организации государственной власти.

      Конституция не содержит положений, предусматривающих учет сроков пребывания в должностях либо фактов избрания или назначения на соответствующие должности, имевших место в период действия Конституции Республики Казахстан от 30 августа 1995 года (далее – Конституция 1995 года), при применении ограничений, установленных пунктом 1 статьи 43, пунктами 2 и 3 статьи 72, пунктом 1 статьи 83 и пунктом 3 статьи 84 Конституции.

      Ограничения конституционного права граждан Республики Казахстан на занятие указанных должностей подлежат конкретному и недвусмысленному закреплению и не могут выводиться путем расширительного толкования. Отсутствие в действующей Конституции прямого предписания об учете сроков либо фактов избрания или назначения, имевших место в период действия Конституции 1995 года, исключает возможность распространения соответствующих ограничений на лиц, занимающих данные должности.

      Следовательно, факт занятия лицом одной из указанных должностей в соответствии с Конституцией 1995 года сам по себе не образует предусмотренного Основным Законом конституционно-правового препятствия для его избрания или назначения на соответствующую должность после вступления в силу Конституции.

      Для целей применения ограничений, установленных пунктом 1 статьи 43, пунктами 2 и 3 статьи 72, пунктом 1 статьи 83 и пунктом 3 статьи 84 действующей Конституции, в конституционно-правовом смысле имеет значение только первое избрание или назначение лиц, занимающих указанные должности, после вступления в силу новой Конституции.

      На основании изложенного, руководствуясь подпунктом 6) пункта 1 статьи 73 Конституции Республики Казахстан, статьями 55-58 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 65 Конституционного закона Республики Казахстан от 5 ноября 2022 года "О Конституционном Суде Республики Казахстан", Конституционный Суд Республики Казахстан

      постановляет:

      1. Пункт 1 статьи 43, пункты 2 и 3 статьи 72, пункт 1 статьи 83 и пункт 3 статьи 84 Конституции Республики Казахстан от 15 марта 2026 года следует понимать таким образом, что лица, которые в соответствии с Конституцией Республики Казахстан от 30 августа 1995 года занимают должности, указанные в данных конституционных нормах, могут быть избраны или назначены на соответствующие должности после вступления в силу Конституции Республики Казахстан от 15 марта 2026 года.

      Для целей применения установленных указанными конституционными нормами ограничений избрание или назначение таких лиц на соответствующие должности после вступления в силу Конституции Республики Казахстан от 15 марта 2026 года рассматривается как осуществленное впервые в соответствии с Конституцией Республики Казахстан.

      2. Настоящее нормативное постановление вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики Казахстан, окончательным и обжалованию не подлежит.

      3. Опубликовать настоящее нормативное постановление на казахском и русском языках в периодических печатных изданиях, получивших право на официальное опубликование законов, единой системе правовой информации и на интернет-ресурсе Конституционного Суда Республики Казахстан.

      Конституционный Суд
Республики Казахстан