"Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 20-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 115-ө өкіміне қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 20-ө өкімімен бекітілген |
Астана халықаралық форумын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төраға
Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі, тең төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша), хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Астана қаласы әкімінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Үкімет Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының басқарма мүшесі (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).