1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" 2026 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы "9" маусымдағы № 90-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" 2026 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Алатау қаласы кеңесінің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰЭМ | 2026 жылғы шілде | Б.Б. Омарбеков |
2. | "Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰЭМ | 2026 жылғы шілде | Б.Б. Омарбеков |
3. |
"Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі | ҰЭМ | 2026 жылғы шілде | Б.Б. Омарбеков |
4. | Алатау қаласының әкімін, оның орынбасарларын, әкімшіліктің бас атқарушы директорын және мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Алатау қаласы қызметшілерін қаржыландыру жүйесінің еңбек ақы төлеу мен көтермелеудің өзге де шараларының кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Алатау қаласы әкімшілігі | 2026 жылғы шілде |
Ә.Е. Әбдіқадыров |
5. |
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнаманың құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін оңайлатылған түрде дайындау мен қабылдау |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2026 жылғы шілде | Л.Қ. Мерсалимова |
6. | Алатау қаласының шегіндегі елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін меншігіне тегін алу кезегінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарын арнайы есепке қою және кезекте тең дәрежелі орынды беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы шілде | А.С. Сұлтанов |
7. | Алатау резидентінің және (немесе) оның өзара байланысты тараптарының қаржылық орнықтылық қағидатын бұза отырып Алатау резидентінің салықтық міндеттемелерінің азаюына алып келетін өзара байланысты тараптармен операциясын айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы шілде |
Е.Е. |
8. |
Алатау қаласы әкімшілігі түсімдерінің бюджеттік сыныптамасы кодтарын беру туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы шілде |
Д.О. |
9. |
Алатау қаласы әкімшілігінің Алатау резидентіне қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы | Алатау қаласы әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрығы |
Алатау қаласы әкімшілігі, | 2026 жылғы шілде |
Ә.Е. Әбдіқадыров |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.