"Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысы барысындағы мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комиссия жыл сайын, есепті қаржы жылынан кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын.";
көрсетілген өкімге қосымша осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджет жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын жетілдіру болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комиссияның міндеттері блоктық бюджеттеу жұмысы мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде қатысушыларды үйлестіру болып табылады.".
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 55-ө өкіміне қосымша |
Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамы
Такиев Мәди Төкешұлы | – |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
Темірбеков Дәурен Оденұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Ахметов Олжас Қалымтайұлы | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Энгель Юлия Федоровна | – | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша) |
Ахмедьяр Әлібек Ғазизұлы | – | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Әмрин Азамат Кемеңгерұлы | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі |
Жарасбаев Серік Маратұлы | – | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Ыбрайханов Ерболат Мақсұтханұлы | – | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі |
Алпысов Ермек Амантайұлы | – | Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
Қайыпов Тілепберген Ерсайұлы | – | Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Имашев Данияр Мұратұлы | – | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша) |
Жұмабаев Дархан Бақытжанұлы | – | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі |
Алдасүгірова Жанар Әлібиқызы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры |
Әшім Айгүл Әшімқызы | – | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қаржы департаментінің директоры |
Бейсембаев Олжас Жылқайдарұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаментінің директоры |
Муллабаева Гульором Фармановна | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаментінің директоры |
Есдәулетова Әлия Аманбайқызы | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры |
Исмағұлов Сейілхан Қалиақбарұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Қылышпаев Дінмұхамед Ғайдарұлы | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры |
Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры |
Молдаш Ғалымжан Өмірәліұлы | – | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қаржы департаментінің директоры |
Мыңбаев Маханбет Бақытжанұлы | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры |
Оспанов Әуесхан Алтайұлы | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры |
Махметов Момыш Елтайұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры |
Хисматулин Вагиз Раилович | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры |
Құдайбергенов Олжас Әбдімәлікұлы | – | "Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас әріптесі (келісу бойынша) |