"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиімділігін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, туристік саланы дамыту шараларын жүйелі бақылау және әдістемелік сүйемелдеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрі А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 54-ө өкімімен бекітілген |
Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаттары: туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың келісілген іске асырылуын қамтамасыз ету, туристік саланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша ұсынымдар мен шешімдер әзірлеу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ туристік саладағы бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі болып табылады.
5. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.
2-тарау. Үйлестіру кеңесінің міндеттері
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Үйлестіру кеңесіне мынадай міндеттер жүктеледі:
1) туризмді дамыту бойынша мемлекеттік органдардан, өңірлерден және жеке сектордан келіп түсетін бастамаларды, ұсыныстарды және жобаларды қарау;
2) туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша келісілген тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу;
3) туристік нарықта қалыптасып отырған үдерістерді талдау және болжау негізінде ұсынымдар әзірлеу;
4) Үйлестіру кеңесінің отырыстарында қабылданған шешімдер мен ұсынымдардың орындалуын бақылау, сондай-ақ оларды іске асыру нәтижелерін бағалау.
3-тарау. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері
7. Үйлестіру кеңесі мынадай өкілеттіктерге ие:
1) туристік саланы дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) туризмді дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін ұсынымдар қабылдау;
3) туризмді дамыту бойынша практикалық шешімдер әзірлеу мақсатында бизнеспен, салалық қауымдастықтармен, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау;
4) туризм саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізу;
5) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұрату және алу;
6) Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары орынбасарларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту қажеттігі туралы ұсыныстар енгізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4-тарау. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру мен тәртібі
8. Үйлестіру кеңесі қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 54-ө өкіміне қосымша |
Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары (келісу бойынша);
Абай облысы әкімінің орынбасары;
Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
Алматы облысы әкімінің орынбасары;
Жетісу облысы әкімінің орынбасары;
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
Павлодар облысы әкімінің орынбасары;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Түркістан облысы әкімінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі;
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің меңгерушісі;
"Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының авиациялық маркетинг бөлімінің басшысы (келісу бойынша);
"АСТАНА КОНЦЕРТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас продюсері (келісу бойынша);
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша);
"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
"Креативті индустрияларды дамыту қоры" корпоративтік қорының басқарушы директоры (келісу бойынша);
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
"Оқ-Жетпес" емдеу-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша);
"Туристік Қамқор" корпоративтік қорының директоры (келісу бойынша);
"Эйр Астана" акционерлік қоғамы компаниялар тобының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті (келісу бойынша);
"2ГИС Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісу бойынша);
"AB Restaurants" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);
"Aktau Tourism City Ltd" жеке компаниясы филиалының – "Rixos Water World Aktau" қонақүйінің бас директоры (келісу бойынша);
"Freedom Lifestyle Group" атқарушы директоры (келісу бойынша);
"Galamat Media" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша);
"Gastro Tour VKO" жобасының негізін қалаушы және Шығыс Қазақстан облысының туризм амбассадоры (келісу бойынша);
"Harvard Almuni Kazakhstan" қамқоршылар кеңесінің мүшесі (келісу бойынша);
"HT Tourism Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);
"Integra Construction KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бақылау кеңесінің төрағасы (келісу бойынша);
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
"Mega Plaza" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Mega Silk Way СОО) директоры (келісу бойынша);
"Oi-Qaragai" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі курортының меншік иесі (келісу бойынша);
"PANA ASIA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы және бақылау кеңесінің төрағасы (келісу бойынша);
"Royal Petrol" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары (келісу бойынша);
"SCAT" авиакомпаниясы" акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті (келісу бойынша);
"The First Hotel Ltd" жеке компаниясы – "Wyndham Garden Astana" қонақүйінің кластерлік бас менеджері (келісу бойынша);
"TripGuida" инвестициялық компаниясының бас директоры (келісу бойынша);
"Yandex Qazaqstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісу бойынша).