"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Цифрлық трансформация жөніндегі жедел топ (цифрлық штаб) (бұдан әрі – топ) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) топтың құрамы
2) Топ туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 130-ө өкімімен бекітілген |
Цифрлық трансформация жөніндегі жедел топтың (цифрлық штаб) құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 130-ө өкімімен бекітілген |
Цифрлық трансформация жөніндегі жедел топ (цифрлық штаб) туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Цифрлық трансформация жөніндегі жедел топ (цифрлық штаб) (бұдан әрі – топ) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны топтың жұмыс органы болып табылады, ол:
1) топ отырыстарының күн тәртібін әзірлейді;
2) топ отырыстарына қажетті материалдарды дайындайды.
3. Топ отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
4. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары топтың шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады.
2-тарау. Тобтың негізгі міндеттері
5. Топтың міндеттері:
1) экономика салаларын цифрлық трансформациялауды қамтамасыз ету;
2) цифрландыру саласындағы жобалар бойынша мәселелерді қарастыру.
3-тарау. Топтың өкілеттіктері
6. Топтың мынадай өкілеттері бар:
1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерін топтың отырыстарына шақыру.
4-тарау. Топ отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
7. Топ қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.