1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтасын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 93-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
2 |
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Ш. Нұрлыбаев |
3 | "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Ш. Нұрлыбаев |
4 | "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Ш. Нұрлыбаев |
5 | "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 780 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2025 жылғы маусым | О.Б. Бекиев |
6 | "Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
7 |
"Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) қағидаларын бекіту туралы)" | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
8 |
"Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
9 | "Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйым клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
10 |
"Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
11 | "Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Ш. Нұрлыбаев |
12 | "Қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған электрондық ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № ҚР ДСМ-39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Д. Оспанов |
13 | "Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № ҚР ДСМ-54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Д. Оспанов |
14 | "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
15 | "Қазақстан Республикасы оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Ш. Нұрлыбаев |
16 | "Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.М. Мұратов |
17 | "Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-166/2020 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Е.Ш. Нұрлыбаев |
18 | "Биомедициналық зерттеулердің басым бағыттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № 690 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
19 | "Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
20 | Денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері үшін үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2025 жылғы маусым | Т.С. Сұлтанғазиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.