1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 P990358_ қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Банктер мен басқа да уәкілетті ұйымдар беретін кассалық чектерде қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін ұсталған алымның сомасы көрсетіледі.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулық" туралы 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімін (6-қосымша) негізінде толықтырылады, онда ұсталған және аударылған алымдардың сомалары туралы есеп айырысу банктер мен уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасын жеке тұлғаларға сату жөніндегі әрбір операцияны тіркеуге міндетті.";
2-қосымша қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын
ұйымдастыру туралы нұсқаулық" туралы 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295
қаулысымен белгіленген нысандағы Сатып алынған және сатылған шетел
валютасы тізілімін (6-қосымша) мынадай мазмұндағы бағанмен толықтыру
ұсынылсын:
"алым сомасы, теңгемен".
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 24 сәуірдегі
N 466 қаулысына
қосымша
Қолма-қол шетел валютасын сатып
алғаны үшін алынатын алымды ұстау туралы
N Анықтама
Кімге берілді: Кім берді:
___________________(СТТН) ________________________
(өкілетті банктің,
_________________________
_________________________ ________________________
(Тегі, аты-жөні) банктік операциялардың
_________________________ ________________________
(сатып алушының жеке басын жекелеген түрлерін жүзеге
_________________________ ________________________
куәландыратын құжаттың асыратын уәкілетті
_________________________ ________________________
сериясы, нөмірі және берілген ұйымның атауы)
күні)
_________________________ ________________________
(мекен-жайы) (орналасқан жері)
____________________________________________________________________
| Шетел | Сатып | Шетел | Алым | Алым | Қолма-қол |
|валютасының|алынған |валютасын|салынатын|сомасы, |шетел валютасын |
| түрі |қолма-қол| сату | сома, |теңгемен| сатып алу үшін |
| | шетел | бағамы, | теңгемен| | енгізілген |
| |валютасы.|теңгемен | | |соманың жиыны, |
| | ның | | | | теңгемен |
| | сомасы | | | | |
|___________|_________|_________|_________|________|_________________|
| 1 | 2 | 3 | 4(2x3) | 5(4х1%)| 6(4+5) |
|___________|_________|_________|_________|________|_________________|
|___________|_________|_________|_________|________|_________________|
|___________|_________|_________|_________|________|_________________|
Уақыты ________________________
(күні, айы, жылы)
Бас бухгалтер _________ (қолы)
Кассир ________________ (қолы)
М.О.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.